Хиджабты арабтың киімі дейтіндерге!

Орамалға қарсы қандастар, ауыз бәрімізде бар. «Ауызым бар екен» деп, сандырақтау мен адам ақылына қонбайтын сөздерді сөйлей берудің абыройлы іс еместігін ұмытпағайсыздар.

Қазақ қоғамында көпке тән болып бара жатқан мұсылман әйелдердің әуреттерін жабулары қоғамда қызу және тартысты пікірталас тудырып отырғаны бәрімізге аян. Хиджабты арабтың киімі, оны қазақ қыздары кимеу керек деген даурықпа арандатулардың жазылып, айтылып жатқаны да азаяр емес. Қаншама адам хидабтың қазаққа тән емес екендігін айтса да, киген киімдерінің еш бірі қазақтың киімі болмай жатыр.

Адам алдымен өзінің үстіндегі киімінің қай ұлтқа тән екендігін ескеріп барып, басқа адамдарға ақыл-кеңесін айтса деген ұсыныс бар. Егер хиджабты арабтың киімі дейтіндер ұлтымыздың ұлттық киімдерін кимесе, үнсіз отырсын. Жазатын тақырып таппаған бірен-саран журналистердің мұсылмандардың орамалдарына тисетіндігі барып тұрған арсыздық. Әр адамда қандай киім киетіндігін таңдау құқығы бар.

«Хиджаб» сөзі арап тілінде «орану, жабу» деген мағынадағы сөздерден шыққан. Ал қазағымыздың «Орамал» сөзі «орану (түбірі: ора)» сөзінен шықпағанда аспаннан түсе қалмаған шығар.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Орамал (хижап) және кілтсөздері: , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру