Хиджабты арабтың киімі дейтіндерге!

Орамалға қарсы қандастар, ауыз бәрімізде бар. «Ауызым бар екен» деп, сандырақтау мен адам ақылына қонбайтын сөздерді сөйлей берудің абыройлы іс еместігін ұмытпағайсыздар.

Қазақ қоғамында көпке тән болып бара жатқан мұсылман әйелдердің әуреттерін жабулары қоғамда қызу және тартысты пікірталас тудырып отырғаны бәрімізге аян. Хиджабты арабтың киімі, оны қазақ қыздары кимеу керек деген даурықпа арандатулардың жазылып, айтылып жатқаны да азаяр емес. Қаншама адам хидабтың қазаққа тән емес екендігін айтса да, киген киімдерінің еш бірі қазақтың киімі болмай жатыр. Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Орамал (хижап) | Кілтсөздері , | Пікір қалдыру

Мектепте арақ ішуге тыйым салу керек!

Орта білім беретін мектептерде мұсылман қыздардың орамал тартуына тыйым салынған. Ол тыйым Қазақстан Республикасының Конституциясындағы адамның діни-наным сенім бостандығын шектеу болып табылады. Алайда мұсылмандар өз құқықтарын білмегендіктен, кімнен екені білгісіз, бірақ қорқыныштары басым.

Мектептердің ішкі тәртіп ережесі ҚР конституциясынан жоғары тұрып, мектептерде оқитын қыздардың орамал тартуларына тыйым салынды. Бұл жағдай конституция бойынша кепілдік берілген діни бостандықтың шектелгендігін көрсетіп берді. Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Орамал (хижап) | Кілтсөздері , , , | Пікір қалдыру

Серік Жұмабаев, сен тарихыңды білетін қазақсың ба?

Алаш айнасы деген газеттің тілшісі Серік Жұмабаевтің «Мектеп мұғалімдері сектаға кіре бастады» атты мақаласы дәстүрлі емес діндердің жетегінде кеткен мұғалімдер туралы айтылып келіп, соңында былай деп аяқталған:

Алаш Айнасы

Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Uncategorized | Кілтсөздері , , | 8 пікір

Заман өзгермейді, адам өзгереді

goldengrail.ru

Осыдан, көп емес, 15-20 жыл бұрынғы келіндеріміз келін болған күннен бастап бастарына орамалдарын (хижап ретінде емес) тағып, иіліп сәлемін беріп жүруші еді. Келіндердің бастарындағы орамал қазақ халқының бұрынғы ұлттық бас киімі Кимешектің сарқыншағы болса керек. Өйткені е ары емес, е бері емес бір жапырақ орамал ненің белгісі болсын?

Қазақтың қазіргі келіндерінің 90-95 пайызға жуығы жалаңбас жүреді. Орамалды келін болып түскен күні ғана беташарда тағады.  15-20 жыл бұрын келін болған әйелдер қазір 40 жас шамасында. Олардың да көбі «қазіргі заманға сай киінейік» деген оймен бастарындағы бір жапырақ орамалдарын шешіп тастағалы біраз жылдар болды. Алғашқы уақыттарда орамалсыз жүру ата-ене алдында ұят әрекет деп саналса, қазір ата-енесінің алдында орамалсыз жүру дегеніңіз еш ұят болмай қалды. Сайып келгенде, атам қазақтың ұстанған Ислам діні орамалды (әуретін жабуды) ата-енесінің алдында емес, өзіне жат (махрам емес) адамдардың алдында тағуды бұйырады. Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Қазақы салтымыз | Кілтсөздері , , , , , | Пікір қалдыру

Хижап — арабтың киімі емес

Хиджап, Орамал, ХижапХижап сөзі араб тіліндегі حجاب (хиджәб) сөзінен шыққан. Мағынасы «жамылғы» және «перде» деген сөздерді береді. Қазіргі заманда күллі мұсылман әйелдері киетін, әурет жерлерін жабатын киімдер хижап деп саналады. Сондай-ақ, мұсылман әйелдерінің киім кию стилі де хижап стиліне жатады. Тек қана басқа тартылатын орамалды хижап деп санауға болмайды.

«Хижап (Хижаб) — арабтың киімі. Қазаққа жат киім. Дінбұзарлардың қазақты құрту мақсатында кигізетін киімі» деп заржақ болатын ұлтшылсымақ адамдар көп-ақ. Алайда, ол сөздерге дәлел келтіре алмай, тек қазақтарда мұндай киімнің болмағанын айтады. Ия, дәл қазіргі хижап секілді киім қазақта да арабта да болмаған, бірақ өте ұқсас киімдер болған атам қазақта. Тіпті, қазіргі хижап дегеніміз арабтарда да болмаған, шынтуайтына келгенде. Олай болса, хижапты арабтың киімі дегенді қайдан алып жүрміз? Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Орамал (хижап) | Кілтсөздері , , , | 5 пікір

Hello world!

Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!

Орналастырылған санаттары: Uncategorized | Пікір қалдыру